Адам ресурстарын басқару

«Будёновское» Бірлескен кәсіпорын» ЖШС халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтарын сақтайды және оларды қорғауды қолдайды.

«Будёновское» БК» ЖШС-нің персоналды басқару саласындағы саясатының маңызды міндеттерінің бірі білімді жинақтау және сақтау, қызметкерлерді жұмыстың нәтижелілігіне ынталандыру жүйесін дамыту, жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізу және серіктестіктегі процестерді басқаруды ұйымдастырудың оңтайлы деңгейі есебінен табысты кәсіпорын құру болып табылады.

Адами әлеует – «Будёновское» БК» ЖШС-нің басты құндылығы, әрбір қызметкер алға қойылған міндеттер мен жетістіктерді іске асыруда ажырамас және таптырмас бөлігі болып табылады. «Будёновское» БК» ЖШС барлық қызметкерлердің құқықтарын құрметтеп, тепе- теңдік қағидатын ұстанады. Біз әрбір қызметкер өзін құрметтейді және оны қойғайды деп сезінетін қолайлы жұмыс ортасын құруға тырысамыз.

Біздің мақсатымыз – «Будёновское» БК» ЖШС-нің тиімді қызметі мен ұзақ мерзімді табысы үшін өзара қарым-қатынастар мен корпоративтік құндылықтар жүйесін құру.

Өзара сыйластық, адамгершілік, әділдік, өзіне қабылдаған міндеттемелердің орындалуы үшін жауапкершілік – қызметкерлер мен «Будёновское» БК» ЖШС басшылығы арасындағы өзара іс-қимыл мен әріптестік қатынастарды дамытудың негізі.

«Будёновское» БК» ЖШС мақсаттарының бірі-тартымды жұмыс берушінің мәртебесін құру және қолдау, қызметкерлердің әлеуетін, бастамасын ашу үшін, сондай-ақ оларды дамыту және оқыту үшін серіктестіктің нақтылығы мен мүмкіндіктерінің талаптарына жауап беретін барынша қолайлы еңбек жағдайларын жасау. Біз әлеуметтік жауапкершілікке үлкен мән береміз және қызметкерлеріміздің құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталған барлық бастамаларды жан-жақты қолдаймыз.

Біздің компания адам құқықтарын сақтауға және еңбек жағдайларын жақсартуға мүдделі барлық тараптардың пікірін тыңдауға және ескеруге дайын. Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу және жұмысшыларымыз үшін жақсы жағдай жасау үшін кез келген диалог пен ынтымақтастыққа қуана- қуана дайынбыз.