«Будёновское» БК» ЖШС қызметінің негізгі түрлері:
- уран мен оның қосылыстарын барлау, өндіру, қайта өңдеу;
- уран мен оның қосылыстарын сақтау және тасымалдау;
- басқа да негізгі бейорганикалық химиялық заттарды өндіру;
- қауіпті қалдықтарды жинау;
- қауіпті емес қалдықтарды жинау;
- қауіпті қалдықтарды өңдеу және жою;
- қауіпті емес қалдықтарды өңдеу және жою;
- серіктестік өндіретін өнімді сату;
- сыртқы экономикалық қызмет.
Кәсіпорын жарғысына сәйкес оның операциялық қызметінің негізгі мәселелері бойынша барлық шешімдер екі жақтың да қатысушы өкілдің дауыстарының болуын талап ететін кәсіпорынның басқару органдарының мақұлдауына шығарылып, шешімдер қабылданады.
Қажет қызметтер мен тауарларды Сатып алу қызметін кәсіпорын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» атты акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысушылардың үлесі бойынша) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына»АҚ-на тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес қатаң түрде жүзеге асырады.
Уран өндіру бойынша операциялық қызметті (күкірт қышқылын, бұрғылауды және т.б. қоса алғанда) жүзеге асыру үшін қажетті негізгі тауарлармен, жұмыстармен, қызметтермен қамтамасыз ету уақытылы, жеткілікті көлемде, әрі қажетті сапада жүргізіледі.
Қазіргі таңда Кәсіпорында өңдеу кешенінің бірінші кезегін салу бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда, олардың аяқталуы 2025 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланып отыр.
Әртүрлі дереккөздерде жарияланған және жоғарыда айтылғандарға қайшы келетін кез келген басқа ақпаратты Кәсіпорын растамайды.