Біздің міндеттемелеріміз

«Будёновское» БК» ЖШС қызметкерлері қаржылық қолдау мен кепілдендірілген демалыстардан басқа, ерікті медициналық көмек, мерейтойлар, баланың тууы, неке қию сияқты ерекше оқиғалар кезінде, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайлар кезінде материалдық көмекті қамтитын ауқымды әлеуметтік пакетке қол жеткізе алады.

Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу үшін  «Будёновское» БК» ЖШС-нде жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында ұжымдық шартқа қол қойылды.

Компания жігерлендірудің тиімді жүйесін ұйымдастыра отырып, қызметкерлерді барынша дамыту үшін жағдай жасады.

«Будёновское» БК» ЖШС қызметкерлерге білім беру бағдарламаларының, курстардың, тренингтер мен семинарлардың кең спектрі арқылы даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мүмкіндіктерін ұсынады.