Тұрақты даму

Тұрақты даму – бұл кез-келген компанияның назарында болуы керек негізгі тұжырымдама. Бұл тұжырымдама компания өзінің қаржылық нәтижелеріне ғана емес, сонымен қатар олардың экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға әсеріне де назар аударуы керек дегенді білдіреді.

«Будёновское» БК» ЖШС негізгі мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастық деңгейін арттыру және орнықты даму қағидаттарын дәйекті интеграциялау арқылы орнықты дамуға қол жеткізу және орнықты дамуды басқарудың корпоративтік тәжірибесін жетілдіру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Серіктестік экономикалық тиімділікті, әлеуметтік жауапкершілікті және экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, жобаны іске асыруға бағытталған және біздің түпкі мақсатымыз – өмірдің барлық осы салалары арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізу.

Будёновское» БК» ЖШС:

  • жауапты бизнес жүргізу;
  • өңірдің экономикалық тұрақтылығын және дамуын қамтамасыз ету;
  • дамудың барлық салаларындағы қауіпсіздік (Экологиялық, өндірістік, сондай-ақ еңбекті қорғау);
  • өндірістік процестерді оңтайландыру және үздік тәжірибелерді қолдану;
  • корпоративтік мәдениетті дамыту және адами капиталды тиімді басқару;
  • сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді;
  • заңдарды сақтау;
  • қызмет бойынша ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі.

2022 жылы «БК «Будёновское» ЖШС жүргізген мемлекет пайдасына төлемдер бойынша есеп